"Білім-болашақтың берік негізі, ал мектеп-болашақты қалыптастыратын қасиетті орта"

















«Cisco желілік академиясы» халықаралық жобасы – ақпараттық технологиялар, желілік технологиялар және цифрлық дағдылар саласында білім алушыларды даярлауға бағытталған жаһандық білім беру бағдарламасы.

«Akelius» халықаралық жобасы – цифрлық технологиялар мен интерактивті онлайн-платформа арқылы тілдерді (орыс, ағылшын) үйретуге бағытталған білім беру бағдарламасы. Жоба оқушылардың тілдік дағдыларын тиімді дамытуға және заманауи әдістер арқылы оқыту сапасын арттыруға көмектеседі.

«Global Scholars» халықаралық жобасы – оқушылардың жаһандық ойлау қабілетін, зерттеу дағдыларын және мәдениетаралық қарым-қатынасын дамытуға бағытталған білім беру бастамасы. Жоба барысында оқушылар әртүрлі елдердің құрдастарымен бірге жұмыс істеп, өзекті жаһандық мәселелерді зерттейді және бірлескен жобалар арқылы білімдерін тереңдетеді.

«SHARE» халықаралық жобасы – мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған бастама. Жоба аясында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, заманауи педагогикалық әдістерді меңгереді және оларды оқу процесіне енгізеді. Сонымен қатар, әртүрлі елдердің педагогтері бірлесіп жұмыс істеп, білім беру сапасын арттыруға үлес қосады
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
















